Сот мәліметінше, жалпы 51 адам жауапқа тартылды. Олардың біреуі кінәсіз екенін дәлелдеп, ақталып шықты.
Оларға Қордайда «жаппай тәртіпсіздікке шақыру», «бопсалау», «қарақшылық», «адам өлтіру», «құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қолсұғушылық» және «қару, оқ-дәрі, жарылғыш зат және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, алып жүру» бойынша іс қозғалды.Жалпы келтірілген шығы сомасы 800 миллион теңгеден асады.Сотталушылардың мүддесін 60-қа жуық адвокат қорғады. 19 адам бес жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Шығынды өтеген 31 адам бес жылдан бір жылға дейінгі шартты мерзімге сотталды.
Бұған дейін Қордайдағы қақтығыс, сот туралы жазған болатынбыз.