Қазақты әдейі балағаттап видео түсірген өзге ұлт өкілі кешірім сұраса, жазадан құтыла ма?
Қазақты әдейі балағаттап видео түсірген өзге ұлт өкілі кешірім сұраса, жазадан құтыла ма?
144
оқылды

Ұлтаралық алауыздық тудыратын видео жариялаған Жезқазған қаласының тұрғынына қатысты полицейлер пікір білдірді.

«26 сәуір күні полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жасап, Қылмыстық Кодекстің 174-бабында көрсетілген «ұлттық алауыздықты қоздыру» белгілері бар белгісіз азаматтың бейнеүндеуін анықтады», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің өкілі.

Полицейлер бейнежазбаны Жезқазған қаласының 27 жастағы тұрғыны түсіргенін анықтады. Ол қазақ халқынан кешірім сұрады.

Бұған дейін де қысқатолқынды пештің нұсқаулығының орысшасын көрмедім деп байбалам салған орыс қазақтың ар-намысын таптаған болатын.