Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова ауруханаға түсіп қалғанын хабарлады.
"Туған сіңілім Аққал Байырбек 3-4 күн бұрын хабарласып, “Әже сізге денсаулығын күтсін. Ауруы жанына батып тұрса да, жұмыс істеп жүре бермесін” деді деп хабарласты. Аққалдың айтқаны жедел жәрдеммен ауруханаға барғанда есіме түсті. Аққалдың түсіне үнемі бір әже кіріп, алдын-ала көп нәрселер ескертіп тұрады. Біз тыңдамағанымызбен кейін әженің айтқаны дұрыс екеніне көзіміз жетіп жатады" , - деп жазды Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында.Әншінің тыңдармандары оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.