Бекшин мамырда эпидемиологиялық жағдай қандай болатынын айтты
Бекшин мамырда эпидемиологиялық жағдай қандай болатынын айтты
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал мамырда қандай болатынын айтты.
«Сәуірдің ортасы мен аяғы және мамырда коронавирустың өршу кезеңі болады деп болжанған еді. Қазір вакцина жеткізіліп, жаппай екпе салынып жатыр. Сонымен қатар қазір эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатқаны байқалады. Егер вакцинация қарқынды жүргізілсе, мамырда инфекция жұқтыру дерегі азаяды деп болжап отырмыз. Алматыдағы жағдай локдаун жариялайтын жағдайға бармайды», - деді Бекшин.