Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болады
Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болады
Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Біз жаппай адам жиналатын жерлерді шектеуге тырысамыз. Көп адам зираттарға баратынын білеміз. Былтыр жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруға тура келген. Биыл жағдай күрделене түседі, өйткені мутацияланған штамдар бар, үнді штамының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырады. Мен қала тұрғындарынан ата-ана күнін неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстыруды сұраймын», - деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар ол зираттар 1 мамырдан 10 мамырға дейін жабық болатынын айтты.
«Біз дәл осы күндері зираттарға баруды шектеу туралы шешім қабылдаймыз», - деді ол