Нұр-Сұлтанда 25 жастағы қыз ZL-30 маркалы жүк тиегішті айдап кетті деп хабарлады Полиция департаменті. Жүк тиегіштің жүргізушісі полицияға қоңырау шалып, ұрлық туралы хабарлаған. Ер адам белгісіз біреу автотұрақтан құрылыс компаниясына тиесілі ZL-30 тиегішін айдап кеткенін жеткізді. https://youtu.be/dRh9oCvO_LY Полицейлер жүргізушінің түнде таныс қызын үйіне шақырғанын анықтады. Дастарқан басында ол ішімдік ішіп, мас болып қалған. Ол көшелердің бірінде жол апатын жасап, Mercedes автокөлігіне зақым келтірген. Қыздың түнгі саяхатын патрульдік полицейлер тоқтатты. Ұсталған 25 жастағы қыз полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.