Антициклон әсерінен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Өзге өңірлерде ауа райына оңтүстіктен соққан циклон әсер етеді. Салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде дауыл тұрады. Павлодар облысында жел жылдамдығы түнде кей жерлерде күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, жел қарқыны – 15-20 м/с. Ақмола, түнде Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен дауыл соғады. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні –15-20 м/с.