«Екі доза үшін 15 мың теңге» – вакцинация құжатын сататын «делдал» анықталды
«Екі доза үшін 15 мың теңге» – вакцинация құжатын сататын «делдал» анықталды
104
оқылды

Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.

Телеарна журналисі «делдалға» клиент ретінде хабарласқан: – Төлқұжатыңыз бен мекенжайыңызды WhatsApp-қа жіберіңіз. – Оның бағасы қанша? – Екі доза үшін 15 мың теңге. – eGov-тан тексерген кезде мәліметтер шығып тұра ма? – Шығып тұрады, мен бұған дейін құжатты алған адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезеңі бүгін, екіншісі 18 мамырда. Содан кейін eGov-та сізге вакцина салынғаны туралы құжат тұрады, – дейді делдал. Сонымен қатар «делдал» құжат бағасы клиент таңдаған клиникаға байланысты 5-25 мың теңге аралығында болатынын айтқан.

Тілшілерге заңсыз қызмет туралы көрермен хабарлаған. Ал көрермен өзі туралы ақпараттың құпия болып қалғанын өтінген.