Күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке бар. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.
Биыл 1 мамыр сенбіге сәйкес келіп отыр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Сондықтан сенбі, жексенбі, дүйсенбі – 3 күн қатарынан демалыс болады. Сондай-ақ 9 мамыр жексенбіге сәйкес келіп тұр. Сол үшін 7, 8, 9, 10 мамыр күні тағы да демалыс болады.Пандемияға байланысты 1 және 9 мамырда мерекелік шеру өтпейді.