Балалар ойнайтын аулада ер адам асулы күйі табылды
Балалар ойнайтын аулада ер адам асулы күйі табылды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең И. Ларин көшесі, 6 мекенжайында болды.

«Сағат 06.15-те И. Ларин көшесіндегі үйдің ауласындағы балалар алаңында 1961 жылғы ер адамның асылып тұрғаны жөнінде хабар түсті. Марқұм сол үйде тұрған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – дейді полицейлер.

Жедел жәрдем оқиға орнына таңғы сағат 07.00-де шақырылған.