Оқиға 27 сәуірде Орал қаласының іргесіндегі Желаево ауылында болған. Қосарланып салынған жекеменшік үш пәтерде таңертеңгілік аяқасты өрт шыққан.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 8.44-те Желаево ауылындағы Шоссейная көшесіндегі үй өртеніп жатыр деген хабарлама түскен. Өрттің жалпы ауданы – 120 шаршы метр. Сағат 10.12-де ғана өртті сөндіріпті. [caption id="attachment_132542" align="alignnone" > ©mgorod.kz[/caption] Үшпәтерлі үйде үш ағайынды Терентьевтер отбасымен тұрған екен. Әр отбасының өз пәтері болған. Қазір үйден ештеңе қалмаған, бәрі өртеніп кеткен.[caption id="attachment_132541" align="alignnone" > ©mgorod.kz[/caption] Әзірге олар туыстарының үйінде тұрмақшы. Оның айтуынша, үйді қайта жөндеп, күзге дейін салып бітіру керек. «Одан да қашып отырғанымыз жоқ. Құрылысқа қажетті материалдар болса, өзіміз-ақ жөндей береміз. Өкінішке қарай, қолымызда ештеңе жоқ. Қайырымды жандар болса, елден көмек сұраймыз. Біз кез келген көмекке зәруміз», - дейді ол.Николайдың сөзінше, өрт аяқасты шыққан. «Таңертең ұйқыдан тұрған соң, әдеттегідей малдың жем-шөбін беруге сыртқа шыққанбыз. Артынан таңғы асымызды ішіп, жұмысқа шығамыз деп ойладық. Бір уақытта ағам «өрт шықты» деп жүгіріп келді. Қарасақ, үйдің біреуі өртеніп жатыр. Біз өшірмек болғанымызша, өрт келесі үйге көшті. Сөйтіп, жарты сағат ішінде үй түгелімен жанып кетті.
[caption id="attachment_132540" align="alignnone" > ©mgorod.kz[/caption]Өрт сөндірушілер келіп, екі сағатқа жуық арпалысып, әзер өшірді. Меніңше, өрт тоқтан шыққан секілді. Әзірге мамандардың қорытындысын күтіп отырмыз. Қазір үлкен ағам мен қарындасым және өзім отбасыммен баспанасыз қалдық. Әрқайсымызда екі баладан бар, ең кішкентайы – 10 айлық», - дейді Николай Терентьев.
Көмектесетін жандар болса мына нөмірге хабарласуға болады 8 747 240 0823.