"Қазгидромет" РМК 29 сәуір - 1 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
"Сондай-ақ Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.