Невшехир провинциясында 2009 жылдан бері Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы болған Халил Улуер жұбайы Фатмамен бірге жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Халил Улуер қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосып еді. Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар азамат еді», – деп жазды дипломат.Абзал Сапарбекұлы марқұмның пандемия кезінде Түркиядағы қазақстандық студенттерге көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын берген қамқоршылардың алдыңғы шебінде жүрген азамат болғанын айтты.