Атақты астролог Павел Глоба мамырға арналған болжамын жариялап, бұл ай 5 жұлдыз-жорамал белгісі үшін сәтті болатынын айтты, - деп жазады mk.ru. Жетістікке қол жеткізу үшін шыдамдылық танытып, үлкен жоспар құрмау керек және бір жерде де тоқтап қалуға болмайды. Тоқтылар үшін мамыр сәтті болады. Бастысы қиялдай бермей, айналада болып жатқан оқиғаларды дұрыс бағалау керек, сонда ғана бәрі ойдағыдай болады. Егер Тоқтылар айтылған кеңестерге құлақ түрсе, жеке өмірі мен мансабында үлкен жетістікке жетеді.
Торпақтар жақын адамдарымен қарым-қатынастарын қалпына келтіреді. Мамырдың ортасынан бастап олардың жұмысы көп болады, алайда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.