Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды

Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласының "Тұрғын үй орталығы" сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлады. Бұл бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған төменде көрсетілген сала қызметкерлері қатыса алады:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • әлеуметтік қорғау;
  • полиция департаменті;
  • төтенше жағдайлар департаменті.
Өтінімді тұрғын үйге кезекте тұрған барлық санаттағы азамат және жұмыс орны бойынша талаптарға сәйкес келетіндер (көп балалы отбасы, толық емес отбасы, мемлекеттік қызметшілер) бере алады. Бұл бағдарлама бойынша пәтерлер саны – 297. Өтінімдер электронды түрде қабылданады. 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап qatysu.zhilfond.kz порталында ЭЦҚ кілті арқылы беріледі. Портал демалыс күндері де жұмыс істейді. Өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы қажет. Өтініштерді қарау нәтижесі туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады. Пәтер, бөлме саны және олардың аумағы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.