Бірнеше облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше облыс аумағында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды. Қазгидромет ақпаратына сәйкес, 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерде 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші – 15-20 м/с. Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнап, түнде тұман түседі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерде 15-20 м/с болады. Қостанай облысы мен Қостанай қаласында кей жерде найзағай болып, тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерінде найзағай болады, күндіз 30 сәуірде бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.