Алматыда екі автобус соқтығысты

Алматыда екі автобус соқтығысты

Алматыда екі жолаушы автобусы соқтығысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 28 сәуірде сағат 15:30-дар шамасында болған.

– «Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі Ы. Алтынсарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай, «ЛиАЗ» автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы тексереді, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.