«Қазгидрометтің» хабарлауынша, циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Тек қана батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.