Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Былтыр табысы күнкөрісіне жетпейтіндер үлесі 5,3% болды. 2019 жылы 4,3% еді. Былтыр кедейліктің шегі –Түркістан облысында 12,2%, Солтүстік Қазақстан – 6,7%, Шығыс Қазақстан – 6,5% болды. Кедейліктің ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан қаласында 1,5% болды. Сондай-ақ қала мен ауылдық жердегі табыс айырмашылығы әлі де бар. Қалада кедейлер – 3,7% болса, ауылдық жерде – 7,6%. Былтыр кедейліктің ауыл мен қала арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,8 есе), Маңғыстау (3,2 есе) облыстарында тіркелген еді.Біз бұған дейін табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің проблемаларын жазған болатынбыз.