Қай банктен ең жоғары пайызбен, тиімді депозит ашуға болады?
Қай банктен ең жоғары пайызбен, тиімді депозит ашуға болады?
497
оқылды

Қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктердегі жинағы 11,33 трлн. теңгеге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4,1%-ға, ал 2020 жылдағы жинаққа қарағанда 19%-ға көп.

Ranking.kz зерттеуінше, қазақстандықтар үшін жинақ салымдары тиімді. Себебі, икемді салымдардың жылдық мөлшерлемесі - 8-9% арасында болса, ал жинақ салымында нақты белгіленген мерзімде одан көбірек мөлшерлемеде қаржы жинауға болады.

Қазақстанның 13 екінші деңгейлі банкінде жинақ салымдары депозитін ашуға болады. Алдын ала салымсыз ашуға болатын, тиімді жинақ депозитін 10 банк ұсынады. Оның алтауында депозитті онлайн ашу мүмкіндігі бар. Банктердегі депозит мерзімі 3 айдан 36 айға созылады. Ranking.kz бір және екі жылға ашуға болатын депозит мөлшерлемесіне шолу жасаған. Нәтижесінде елдегі ең көп пайызбен депозит ашуға болатын банк - Bank RBK болды. Онда банк бөлімшесінде де, онлайн да алдын ала салымсыз бір жылға ашылған депозиттің жылдың мөлшерлемесі - 13,6%, екі жылға - 11,3%. Ал алдын ала салыммен бір жылға ашылған депозиттің мөлшерлемесі - 11,8%, екі жылға - 9,5% Мұндай жоғары мөлшерлемеде Нұрбанк банкінен де депозит ашуға болады. Бірақ мұнда депозитті онлайн ашу мүмкіндігі жоқ. Ал Хоум Кредит банкінде керісінше, депозитті онлайн ашқан кезде дәл осындай ең жоғары мөлшерлемелерді ұсынады.  Дегенмен, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ұсынысы бойынша сәуір айына жинақ салымдары бойынша шекті мөлшерлеме: алдын ала салыммен, бір жылға - 14%, екі жылға - 12,6%. Алдын ала салымсыз, бір жылға 12,3%, екі жылға 11,1%.  депозит Бұған дейін қай банктен ең жоғары пайызбен онлайн депозит ашуға болатынын жазған едік.