Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Сараптама жүргізіліп, тергеу аяқталды.
28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі қарау үшін сотқа жолдады. Биыл 2 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кетті.«Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген» делінген ресми хабарламада.
Оның екеуі ауруханада қайтыс болды.