Куәгерлер өрттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 29 сәуір күні таңғы сағат 09:25 Жетісу ауданы Солтүстік айналма тас жолы, 116, «Кенжехан-1» базары өртенді.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралуы мүмкін еді. Жалын 9 минутта сөндірілді»,– дейді құтқарушылар.
Бұған дейін "Рахат" базары төңірігендегі дау-дамай туралы жазған болатынбыз.