28 сәуір – Батырхан Шүкеновтің өмірден өткен күні
28 сәуір – Батырхан Шүкеновтің өмірден өткен күні
228
оқылды

Биыл әнші, сазгер, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Батырхан Шүкеновтің өмірден өткеніне 6 жыл толды. Ол Мәскеудегі пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болды. Әншінің қазасы бүкіл елге ауыр тиді. Өйткені марқұмды соңғы сапарға шығарып салуына дүйім жұрт жиналды. Тіпті, еліміздің әр қаласының орталық көшелерінде адамдар жиналып, бірнеше сағат бойы оның әндерін орындаған болатын.

[caption id="attachment_132799" align="alignnone" width="1024"]Батырхан Шүкенов ©tengrinews.kz[/caption] Міне, арада қанша уақыт өтсе де марқұмның құрметіне түрлі кештер ұйымдастырылып, шаралар өткізілуде.  Мысалы, 2015 жылдың аяғында Батырхан Шүкеновтің өмірінің соңында жазған 10 әні жинақталып, «Аманат» деген альбом болып шығарылды. [caption id="attachment_132800" align="alignnone" width="1024"]Батырхан Шүкенов ©tengrinews.kz[/caption] Сол уақытта Алматыдағы Республика сарайында қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен Батырхан Шүкеновке арнап, «Батыр Lives» қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Іс-шараның барлық қатысушысы Батырханның әндерін шырқады. Ал концерттен түскен қаражат марқұмның ұлы Мақсұт Шүкеновтің есепшотына аударылды. [caption id="attachment_132802" align="alignnone" width="740"]Батырхан Шүкенов ©tengrinews.kz[/caption] Екі жылдан кейін музыканттың тағы осындай еске алу кеші өтті. 55 жасқа толуына орай концертті Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қоры ұйымдастырған. 2018 жылы бұл қор Қазақстандағы жоғары және орта оқу орындарының үрмелі аспаптар кафедрасының талантты студенттеріне арнайы стипендия тағайындады. Ал 2020 жылы «Батыр Live. Обращение к молодым» атты кітабы жарық көрді. Бұл басылымның артықшылығы, оның бір бөлігі – Брайль шрифтімен жазылғаны. [caption id="attachment_132801" align="alignnone" width="740"]Батырхан Шүкенов ©tengrinews.kz[/caption] Бүгінде музыканттың «Отан ана», «Батыр Live», «Осторожно, милая девушка!», «Всё пройдёт…», «Душа» жеке ән жинақтары және «А-Студиямен» бірлесіп, «Путь без остановок», «Джулия», «A`СТУДИО», «Jeff Records», «Солдат любви»,«A`STUDIO LIVE», «Нелюбимая», «The Best», «Грешная страсть»  атты альбомдары халықтың мұрасына айналды. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=-DhBApTnFog[/embed] 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген Батырхан Шүкенов отбасынның ортаншы ұл еді. Өзінен басқа үш бауыры болды. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935-2011), 1970-1998 жылдары Қызылорда облысы қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=vfMywEJSLf4[/embed]