Есірткі тасымалдаған әйел автобуста ұсталды
Есірткі тасымалдаған әйел автобуста ұсталды
134
оқылды

Полицейлер героин тасымалдаған жолаушы әйелді автобустарды тексеру барысында анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласында аса ірі көлемде героин тасымалдаған тұрғын ұсталды. Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына белгісіз біреуден есірткі тасымалы туралы арыз түскен. Басқарма қызметкерлері арыз бойынша тексерді. Тәжірибелі тәртіп сақшылары Шымкент - Самара тас жолында келе жатқан автобустарды бір-бірлеп тексерді.

Тексеру кезінде Алматы – Түркістан бағытында автобуста келе жатқан жолаушы әйел ұсталды. Күдікті әйелдің сөмкесінен қағазға оралып, полиэтилен пакетке салынған ақ-сұр түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды. Полицейлер тәркіленген айғақ затты сараптамаға жолдады. Оның салмағы 60 граммға жуық героин екені анықталды. Яғни, героин көлемі 300-ге жуық адамның бір реттік дозасы екені белгілі болды.

Күдікті әйел бірден қамауға алынды. Тергеу басталды.