Көпірдің астымен өтпек болған жүк көлігі кептеліп қалды
Көпірдің астымен өтпек болған жүк көлігі кептеліп қалды

Полицияның мәліметінше, оқиға 28 сәуірде болған.

«22 жастағы ГАЗ-3302-288 жүргізушісі Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай бұрылған. Жол белгісін елемей, көпір астымен өтпек болып, туннельдің қабырғасын құлатқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ», – дейді полицейлер.

Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.