Алматыда 28 панфиловшылар саябағында үш жасар баланы жүк көтеретін ауыр көлік басып кетті, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұл дерек Медеу аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 104-бабы «Абайсызда өлімге әкелу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Өкінішке орай, үш жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орында көз жұмды. Арнайы техниканың рулінде 1970 жылы туған У. есімді азамат болған. Тергеу басталды», - делінген хабарламада.Оқиға саябақтағы шіркеу маңында болған. Сол ауданда аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.