Мемлекеттік қызметкерлердің әйелдерінің иелігінде не бар?
Мемлекеттік қызметкерлердің әйелдерінің иелігінде не бар?
324
оқылды

Жақында ғана бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бар дүниесін түгендеп, иелігінде не бар-жоғын атап, түсін түстеген. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат елді бейжай қалдырмады. Бірі «бүкіл дүниесін көрсетпеді» десе, енді бірі «өзге де шенеуніктер мал-мүлкін отбасына жазып салғаны дұрыс болар» десті. Не десек те, қазір мемлекеттік қызметкерлердің, әсіресе, олардың жұбайларының  иелігінде не барын білу елдің қызығушылығын арттырды. Шыны керек, олар жайында не білеміз?

[caption id="attachment_132862" align="alignnone" width="1024"]әйел ©newtimes.kz[/caption] Естеріңізде болса, былтыр Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың әйелі Гүлбаршын Зайырова БАҚ-ның қызу талқысына түскен. Ол парақшасына күйеуінің соңғы сыйлаған көлігін салып, 12-көлігі екенін мақтанып жазған жазбасы келіншектің басын дауға қалдырды. Өйткені пандемия өршіп, адамдар жаппай жұмыссыз қалып, қиналып жатқан уақыт еді. Сол кезде Айбатыр Жұмағұлов бұл жағдайдың осыдан 13 жыл бұрын, мемлекеттік қызметте болмаған кезінде алынған көліктер екенін айтып ақталған. Әйелімен отасқанына 25 жыл болыпты. Оған бірден 12 автокөлік әпермеген. «Көлікті бірінен соң бірін ауыстырып қана отырғанымыз болмаса, үйімізде бір ғана көлік бар» деген болатын. [caption id="attachment_132864" align="alignnone" width="1024"]әйел ©newtimes.kz[/caption] Жалпы, Гүлбаршын Зайырова ArtEast салонының директоры ретінде бір жылдары Қазақстан сән апталығының көктем-жаз маусымында бренд-амбассадорының бірі болған.  Кейбір деректер бойынша, оның иелігінде бір емес, бірнеше сұлулық салоны бар екен.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің зайыбы Алтынай Мамин да осал адам емес. Алтынайдың әкесі Қасым Таукенов – Целиноград облыстық атқару комитетінің төрағасы және Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. 2019 жылғы мәліметтер бойынша, Алтынай Мамин «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ серіктестерінің бірі екен.

[caption id="attachment_132865" align="alignnone" width="1024"]әйел ©newtimes.kz[/caption] Еліміздің бас полиция қызметкері Ерлан Тұрғымбаевты білмейтіндер кемде-кем. Оның әйелі Рима Жансараева – заң ғылымдарының докторы, ҚазҰУ-дің профессоры екен. 2008 жылдан бері қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі. Әзірге оның неге иелік ететіні белгісіз. Spectr.com.kz-тің мәліметінше, еліміздің Ішкі істер министрлігінің бұрынғы бастығы Қалмұханбет Қасымовтың келіншегі құрылыс материалдарын шығаратын «Қызылсоқ» ЖШС кен орнында үлесі бар екен. Сонымен қатар Қазақстан мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының мемлекеттік нөмірлер базасында 1989 жылғы шығарылған Mazda 626 автокөлігі тіркелген.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашевтің әйелі Лейла Адайбекова әлеуметтік желілердің жазуынша, «Медеу» демалыс қонақүйі мен түрлі ЖШС-нің акцияларына иелік етеді екен. Алайда Pk.uchet.kz сайты ол қонақүйдің басшысы ретінде Танзиля Альмамедованы көрсеткен.

[caption id="attachment_132866" align="alignnone" width="1024"]әйел newtimes.kz[/caption] Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың әйелі Ғалия Сағынтаева (Тұрысова) – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бұрынғы хатшысы, Қазақ КСР үкіметі басшысының орынбасары, Республиканың ОСК төрағасы Қаратай Тұрысовтың қызы. 2016 жылғы ақпарат бойынша, ол «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес мүшесі.

Аzattyq-ruhy.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басшысы Ерболат Досаевтың келіншегі Гүлнар Досаева – G және G Glamour компаниясының иесі. Бүгінде бұл компания қазақстандық сәнқойларды «Max Mara», «Dolce & Gabbana», «Fendi», «Gucci», «Селин», «Майкл Корс», «Эмпорио Армани», «Пеннибак» және т.б. брендтік киімдерімен киіндіріп отырған елдегі дистрибьютордың бірі.

[caption id="attachment_132868" align="alignnone" width="1024"]әйел ©/newtimes.kz[/caption] Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Жұмағалиевтің әйелі Айнұр Мәми – Жоғарғы соттың экс-төрағасы Қайрат Мәмидің қызы. Politic.kz-тің мәлімдеуінше, Айнұр Мәми осыдан жеті жыл бұрын Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) бұрынғы төрағасының қызы Азиза Закирмен бірге Greenhouse Kazakhstan ЖШС құрылтайшылар тізіміне қосылған. Сөйтіп, екеуі бірге – «Аделя» шаруа қожалығы, Greenhouse Kazakhstan және Izet Greenhouse компаниясын құрды.