Қызылорда Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде алты жасар Әлтаир Бақыттың қалай өлтірілгені туралы хабарлама таратқан әйелді іздестіріп жатыр. Алты жасар баланы "зорлап, аяусыз қинап өлтіріп, содан кейін шұңқырға тастаған" деген қауесет тарады. Полицейлер бұл ақпаратты жоққа шығарды және қазір аудиожазбаның авторын іздестіріп жатыр.
"Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан әйелді анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілер немесе БАҚ арқылы жалған ақпарат тарататын адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз", - делінген хабарламада.