Құс фабрикасында өрт шықты
Құс фабрикасында өрт шықты
103
оқылды
Ақмола облысы Бұланды ауданында құс фабрикасы ғимаратында өрт болды, - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі. «Бұланды ауданының өрт сөндіруші-құтқарушыларына бүгін сағат 17:34-те Макинск құс фабрикасының №7 ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында 800 шаршы метр аумақты шарпыған өртті 43 минутта сөндіріп, өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді», – делінген ведомство таратқан хабарламада. Өрт кезінде ғимарат бос болған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт орнында 10 өрт сөндіруші-құтқарушы, Макинск құс фабрикасының 7 және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері жұмыс істеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.