Көпбалалы ананың тілегі орындалды
Көпбалалы ананың тілегі орындалды
Атырау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Н. Бердіғалиева жолдасы мүгедек, ұлы да туа біткен мүгедек  (диагнозы – балалардағы церебралды паралич) екенін айтты. Атырау қаласынан ұлына сирек кездесетін арнайы балалар арбасы табылған. Алайда оны алатын қаражаттан қысылып отыр екен. Көпбалалы ана қалалық мәслихат депутаттарынан мүмкіндігінше қаржылай көмек көрсетуді, осы мәселенің оңынан шешілуіне ықпал етуді сұрады. Қала тұрғынының өтінішін қабылдаған «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Бибінұр Қорған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, өз тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі назар аударып отырғанын түсіндіре келіп,  арнайы арбаны алуға қаржылай көмектесіп, мәселесін оңынан шешіп берді. Өтініш иесі Н. Бердіғалиева партия филиалына хабарласып, қамқорлық жасап, мүгедек жандардың қажеттілігіне назар аударып, өтінішін жерге тастамаған партия филиалына, қалалық маслихаттың депутаты, фракция мүшесі Бибінұр Бүркітқызына алғысын айтты.