Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Сарқан ауданында көктем­гі-далалық жұмыстар жос­пар­ға сай жүргізіліп отыр. Тү­г­ін тарт­саң, майы шығатын сая­лы Сар­қан­ның  құнарлы ал­қа­бын­­да  биыл  97 641 гек­тарға е­гіс­­тік жай­қал­мақ. 

Көктем кеш келгеніне қара­мас­тан, диқандар техникаларын сақа­дай сайлап, керек-жарағын қамдап алды. Қазір егістік алқаптарда жер жырту, тегістеу жұмысын аяқтап, егін себу жұмысына кірісіп кетті. Аудандық ауылшаруашылық бө­лімінің мәліметінше, биыл ауданда 47 290 га дәнді дақыл, 13 000 га күздік бидай, 26 000 га жаздық арпа, 2 200 га жү­гері,  24 440 га майлы дақыл, 980 га картоп, 660 га кө­көніс, 20 204 га көпжылдық шөп, 633 га дәрілік шөп және 3 315 га қант қызылшасын себу жос­парланыпты. «Көктем басталысымен шаруа­лар­да тыным жоқ. Жер жыртып, дән егіп, бел жазбай еңбек ететін кез келді. Біздің міндет – оларға  мем­лекеттік бағдарлама арқылы қол­дау көрсету. Сондай-ақ жыл сайын жерді тиімді игеру, ауыспалы егістікті қолдау арқылы жерді то­зып кетпеуден сақтап, еккен дән­нен мол өнім алу. Өткен жылы 1 млрд 220 млн тең­­геге 69 дана әртүрлі ауылшаруа­шы­лық техникасы сатып алынды. За­ман талабына сай алынған тех­ни­калардың арқасында көктемгі жырту, тегістеу, себу және күзгі жиын-терін жұмыстарын меже­сі­нен бұрын аяқтауға мол мүмкіндік бар», – дейді аудан әкімінің орын­ба­сары Арман Тұрсынұлы. Сонымен қатар аудан әкімі Тал­ғат Қанатұлы жөндеуден өтіп жат­­қан «Р1» тоғанына және Қой­лық ауылындағы Ащыбұлақ кана­лы­на арнайы барып, жүргізіліп жат­қан жұмыстарды өз көзімен кө­ріп қайтты. Биыл  көктемгі дала жұмыс­та­ры­­на деп берілетін 700 тонна ар­зан­­датылған жанар-жағармайдың 182 тоннасы 168 теңгеден сатып алы­нып, тиісті жерге жеткізіліпті.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы