Шведова пен Путинцева жеңіліп қалды
Шведова пен Путинцева жеңіліп қалды
106
оқылды

Теннисшілер Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева Мадрид WTA 1 000 тур­нирінде ұтылып қалды.

Дүниежүзілік рейтингте 725-орын­да тұрған Я. Шведова әлем­нің 25-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кездесті. 1 сағат 15 ми­нутқа созылған матчта тунистік тен­нисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жет­ті. Осылайша, теннистен Қа­зақ­­стан әйелдер құрамасының ка­­­­­­питаны жарыс жолын аяқтады. Ал рейтингте 30-сатыда тұрған Ю.Путинцева әлемнің 18, аталған до­даның 15-ракеткасы, ұлыб­ри­та­ния­лық Йоханна Контадан басым тү­се алмады (4:6, 2:6). Бұл бәсеке 1,5 сағатқа жалғасты. Жүлде қоры 2,5 млн еуродан аса­тын Мадрид турнирін отан­дас­тары­мыз сәтсіз бастады. Дегенмен үміт жоқ емес. Қазақстанның бірін­ші, әлемнің 22-ракеткасы Еле­на Рыбакина 30 сәуір күні сын­ға түседі. Ол негізгі турнирге іріктеу сайыс­тарынан кейін қосылған, рейтингте 78-орында тұрған ауст­ра­лиялық Айла Томляновичпен кез­деседі. Бұдан бұрын іріктеу сайыс­тарын­да сынға түскен Зарина Диас не­гізгі кезеңге өте алмады.

Айбике ЖАНАСЫЛ