Дін тақырыбына арналған курс өтті
Дін тақырыбына арналған курс өтті
111
оқылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дін саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізіп жатыр. 26 сәуірде басталған курс бүгін аяқталады.

Курстың ашылуында Президенттің сая­си мәселелер жөніндегі көмекшісі Ер­лан Қарин алғысөз сөйледі. Ерлан Қарин мұн­дай курс­тың маңыздылығын атап өтіп, Қа­зақ­стан­ның халықаралық қатынастар мен ұлттық қауіп­сіздікті сақтаудағы стра­тегиялары жө­нінде айтып берді. Сонымен бірге курс спикерлерінің қа­та­рын­да «Конфессияаралық және өрке­ние­­таралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ басқарма тө­ра­ғасы Болат Сәрсенбаев, Л.Гумилев атын­­дағы ЕҰУ профессор-оқытушылар құра­­­мының, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері сөз сөй­леді. Еуразия ұлттық университетінің про­рек­­торы Дихан Қамзабекұлы курсқа қа­тысу­шыларға БАҚ-та діни тақырыптарды жа­р­ия ету, діни сенім бостандығына құқық, діни сауаттылық, діни мәселелерді жария етудегі журналистердің қауіп­сіздігі, рухани құндылықтарды тәрбие­леу­дегі БАҚ-тың рөлі және басқа да өзек­ті мәселелер туралы түсіндірілетінін айт­ты. Курс конфессияаралық мәселелерді заң­намалық тұрғыдан реттеу, діни жур­на­листика: зерттеу әдістері және контент-тал­­дау, конфессияаралық диалог, «Жусан» операциясы қатарлы бірқатар кейс не­гізінде ұйымдастырылып,  түрлі сала ма­ман­дары дәріс оқыды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының дін мәселелерін зерт­теу орталығының ақпараттық-түсін­діру бөлімінің маманы И.Бекишева  «Қо­ғам­ның діни радикализмге ұшырауының не­гізгі факторлары», ҚМДБ-ның Halyq arna телеарнасының директоры Н.Дар­ку­лов «Діни сауаттылық: дін мен діни ағым­дар­ды анықтау мәселелері», Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігінің Дін істері ко­митеті Оңалту жұмыстарын үйлестіру бас­қармасының басшысы Е.Есбергенов «Жусан» операциясы: әлемдік саясат және қа­зақстандық тәжірибе» тақырыбында дә­ріс оқыса, өзге спикерлер  діни сауат­ты­лық, медиа жауапкершілігі және тағы басқа мә­селелер жөнінде  ойымен  бөлісті.

А.СҰЛТАН