Облыстық мәслихат депутаттары қайырымдылық жасады
Облыстық мәслихат депутаттары қайырымдылық жасады
241
оқылды

Жетісу өңіріндегі облыстық мәслихат депутаттары аймақтағы қайы­рым­дылыққа қатысты шаралардың бел ортасынан табылып, елдің мұқ­таждығын түген­деуге шамалары жеткенше атсалысуда. Облыстық мәс­лихаттың хатшы­сы Жанболат Жөргенбаев журналистермен жо­лық­қан­да,  халық қа­лау­лы­ларының өңірдегі кез келген жақсы жаңалықтың жар­шысы болып жүргенін ай­та келе, депутаттардың 3 мың адамға 87 578 500 теңге көлемінде қайы­рым­дылық жасағанына  тоқталды.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Жам­был Жабаевтың 175 жылдығы, Мұ­қағали Мақатаевтың 90 жылдығы және Тал­дықорған қаласының облыс орталығы атанғанына 20 жыл толуы құрметіне орай об­лыстық, қалалық және аудандық мәс­лихат депутаттары қайырымдылық және тағы да басқа ізгі шаралар ұйымдастыруда. Бас­ты назарды індет кезінде халықтың әлеу­меттік қолдауды қажет ететін то­бын­дағылардың қиналып қалмауына аударып отыр­мыз. Депутаттар жыл басынан бері бас­панасыз қалған екі отбасына тұрғын үй тарту етіп, көпбалалы, аз қамтылған от­басыларға, жетімдер мен зейнеткерлерге қол­дан келген көмектің барлығын көр­се­тіп жатыр. Қыс айларында көмір түсіріп бер­се, қазіргі кезде де тұрақты түрде азық-түлікпен көмектесті. Денсаулық сақтау са­ласына мүмкіндігінше қолдау көрсетіп жа­тыр», – дейді облыстық мәслихаттың хат­шысы. Денсаулық сақтау саласын қолдау де­мек­ші, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Ақсубаевтың COVID-19 індетіне бай­ланысты осы салаға 10 миллион тең­генің, Елдос Үшкемпіровтың 365 500 тең­ге көмек көрсеткені басқаларға үлгі бо­ларлық қарекет екені айдан анық. Бағ­даулет Үстенов, Жалғасқан Дөнбаев, Жан­на Жазықбаева, Сұлтан Нұрдәулетов сынды депутаттар да қасиетті Рамазан айын­да жерлестеріне шамалары жеткен­ше жәрдем көрсетуде. Жанболат Әкебайұлының айтуынша, об­лыстық мәслихат жыл соңына дейін  8 сес­сия өткізуді жоспараған. Бүгінгі күнге дейін 3 кезекті, 1 кезектен тыс сессия ой­дағыдай өтіп, маңызды деп саналатын 28 шешім шығарылған. Облыстық мәслихатта тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, вете­ри­­­нария, экономика, индустриялық-ин­но­вациялық,  денсулық сақтау және дін істері мәслелелерін қарастыратын тұрақ­ты комиссиялар жұмыс істейді. Бірінші тоқ­санда депутаттар 693 адамды қабыл­дап, олардың тарапынан  қойылған сауал­дар бойынша  391 өтініш оң шешімін тауып, қалған 302 мәселе бойынша тиісті тү­сініктеме беріліп,  бақылауға алынған. Тұрғындарды мазалаған жағдайларға қа­тысты облыстық мәслихат депутаттары 44 депутаттық сауал жолдап, оларды ше­шуге  жергілікті атқарушы органдар жұ­мыл­дырылыпты.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы