Коронавирус белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды

Коронавирус белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы тіркелді. Бұл туралы  coronavirus2020.kz хабарлады.

"28.04.2021ж. коронавирус белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.
1 тамыздан бастап барлығы: ауырғандар - 52844, 794 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51555 жетті.