Коронавирус: екі өңір "қызыл" аймақтан шықты
Коронавирус: екі өңір "қызыл" аймақтан шықты
87
оқылды
Коронавирус бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы. 30 сәуірдегі мәлімет бойынша: «Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары бар. «Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары. «Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген. 29 сәуірге арналған матрицада Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы «қызыл» аймақта тұрған болатын.