Nur Otan-да азаматтарды мамыр айында қабылдау кестесі жарияланды
Nur Otan-да азаматтарды мамыр айында қабылдау кестесі жарияланды
145
оқылды
Карантиндік шектеулерді ескере отырып, министрліктер мен ведомстволардың басшылары «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық бөлмесінде азаматтардың жеке қабылдауларын онлайн форматта өткізеді. Сонымен, 5 мамырда Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, 12 мамырда - Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, 14 мамырда - Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, 18 мамырда - Әділет министрі Марат Бекетаев, 19 мамырда - Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, 21 мамырда - Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров, 26 мамырда - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек, 28 мамырда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов азаматтарды қабылдайды. Кездесуге жазылу үшін: 1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін); 2. WhatsApp: 8 700 800 4441; 3. komek@nurotan.kz Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш түскен. Сонымен қатар соңғы 5 жыл ішінде партияға 1,2 миллион адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы - онлайн форматта. Оның 92% оң шешімін тапты, ақысыз консультациялар, заңдық және басқа да көмек көрсетілді. Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру - 30%, ТКШ - 16%, тұрғын үй - 15%, еңбек даулары - 14%, құрылыс - 9%, білім беру - 9%, медициналық қызмет - 7% мәселелері алаңдатады. «Халыққа көмек» жобасы аясында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар және нотариустар ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырды. Оған төменде көрсетілген телефон нөмірлері арқылы жазылуға болады.  width=