Қазақстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар үшін тағы бір мекеме ашылуы мүмкін
Қазақстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар үшін тағы бір мекеме ашылуы мүмкін
352
оқылды
Қазақстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар үшін тағы бір мекеме ашылуы ықтимал. Онда педофилдер, маньяктар, каннибалдар мен террористер қамалмақ. Ал қазіргі кезде аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылғандар Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түрмесіне тоғытылуда,  - деп хабарлады "Хабар 24" арнасы. Телеарна мәліметінше, "Қара бүркіт" түрмесіне қамалған 386 қылмыскер бас-аяғы 500-дей адамның өмірін қиған. Темір торға тоғытылғандардың 150-і – өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар. Жазасын өмір бақи өтейтіндер үшін мұнда 200 орын бар.
"Басқа облыстарда өмір бойы бас бостандығынан айыру мекемелерін ашу жоспарланып отыр", - дейді УК-161/3 мекемесінің бастығы Нұрбек Қабдікәрімов.
Белгілі болғандай, қоғамда резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарға қатысы барлар да осында. 14 шекарашы мен қорықшыны өлтірген Владислав Челах, 7 жастағы Виктория Ганяны зорлап, кейін өмірін қиған педофил Денис Лесников, Ақтөбеде тапатал түсте әскери бөлім мен полицияға шабуыл жасаған террористер де "Қара бүркіт" абақтысында.
"Бұл жерде 90-жылдардың соңында Алматы тұрғындарын үрейде ұстаған, қоғамда резонанс тудырған "санитарлар" да бар. Олар санитар ретінде киініп, қарақшылық қылмыстар жасаған, адам өлтірген. Жеңіл жүрісті қыздарды өлтіріп, солардың етінен тұшпара жасап жеген. Каннибалдар ғой былайша айтқанда. Адам жегіштер", - деп түсіндірді Қабдікәрімов.
https://www.youtube.com/watch?v=DzsI1tqgCvo