Цой елімізде қашан маскасыз жүруге болатынын айтты
Цой елімізде қашан маскасыз жүруге болатынын айтты
157
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде қашан маскасыз жүруге болатынын айтты. Халық алдында есеп берген министр халықты ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін  вакцина салдырып, белсенді болуға шақырды.
"Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маскасыз жүру мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз", - деді Цой.