Министр Қазақстанда төтенше жағдай енгізуге қатысты пікір білдірді
Министр Қазақстанда төтенше жағдай енгізуге қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтты.
"Қазір төтенше жағдай режимін енгізу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бірақ заңнамаға сәйкес оны Мемлекет басшысы енгізіп, мемлекеттік комиссия қабылдайды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.
Министрдің айтуынша, төтенше жағдай елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай нашарлап, төсек-орын жүктемесі 70 пайыздан асқан кезде енгізіледі. Бұған дейін Алексей Цой елімізде қашан маскасыз жүруге болатынын айтты.