Қазақстанда ерекше қайырымдылық акциясы басталды
Қазақстанда ерекше қайырымдылық акциясы басталды
194
оқылды

Әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға «Елбасы жылуы» акциясы аясында көмек көрсетіледі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Қазақстанда бүгіннен бастап Тұңғыш Президенттің бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы басталды. Акция шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Дегдар» қайырымдылық қоры азық-түлік және ең қажет тауарларға мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетеді», – дейді Айдос Үкібай.

Бұған дейін Елбасы бастамасымен халықты қиындықтан алып шыққан «Біз біргеміз!» акциясы аясында 4,5 миллионнан астам адамға көмек көрсетілгені  жайында жазған болатынбыз.