Бұдан былай сарбаздарға түйенің етінен тамақ пісіре ме?
Бұдан былай сарбаздарға түйенің етінен тамақ пісіре ме?
128
оқылды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер әскерилерге түйенің етінен тамақ пісіру туралы сұрады.

«Бірнеше жыл бұрын сарбаздар үшін түйе етінен консервілер жасалады деген әңгіме шыққан. Бұл ақпарат рас па? Ондай тамақ өнімдері бар ма?», – деді журналистер. Sputnik.kz-тің жазуынша, Тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары – тыл бас басқармасының бастығы Бауыржан Досмағанбетовтың айтуынша, алдағы уақытта түйенің еті күнделікті рационға енгізілуі мүмкін.

«Қазіргі кезде нормада түйенің еті қарастырылмаған. Бірақ алдағы уақытта тамақтану академиясымен бірлесіп, жұмыс істегенде қарастырылуы мүмкін», – деді Досмағанбетов.

Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы айтып берді.

«Биыл Қазақстанның тамақтану академиясымен келісімшарт рәсімдейміз. Сол кезде тамақтану нормасын қайта қараймыз. Соның ішінде, жылқы мен қой еті, құрт және тағы басқа да ұлттық тағамдар бар», – деді Таласов.

Оның айтуынша, биыл осы мақсатта республикалық бюджеттен 22 миллиард теңге қарастырылған.

Бұған дейін әскерге барудан бас тартқан сарбаздың әскери комисариаттың терезесінен секіріп кеткені туралы жазған болатынбыз.