Құтқару қызметінің көлігі жердің астына түсіп кетті
Құтқару қызметінің көлігі жердің астына түсіп кетті

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген суреттерді Instagram-да жариялады.  Фотода көліктің жер астына түсіп кеткенін көруге болады.

Құтқарушылардың айтуынша, бүгін 109 экипажы Назарбаев даңғылы, 124 үй мекенжайындағы көпқабатты үйдің балконына қауіп төндіретін бұтақтарды кесу үшін шақырту алған.

«Бұтақ кесуге келген 109 Қызмет көрсету бөліміне тиесілі авто-гидравликалық көтергіштің оң жақ артқы дөңгелегі жер астына түсіп кетті. Ол жерде жазда субұрқақ болған. Автокөлік шұңқырдан шығарылды. Құтқарушылар экипажы бұтақтарды кесіп, жұмысын аяқтады», – дейді құтқарушылар.

Бұған дейін Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетіп, қаланың бір бөлігі жылусыз қалған еді.