Әкімдер қанша жалақы алады?
Әкімдер қанша жалақы алады?
367
оқылды

Жалпы, елімізде әкімдердің жалақысы жоғары екені белгілі. Көбісі нақты қанша алатынын айтпаса да, өмір сүруіне жетеді деп қояды. Халықтың қамын ойлап, күні-түні еңбек етіп жүрген әкімдердің ресми жалақысы қанша екенін білесіз бе?

[caption id="attachment_133297" align="alignnone" width="1024"]әкім ©inbusiness.kz[/caption] Мәселен, кеше ғана Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіпкерлермен кездесу барысында өзінің қанша жалақы алатынын айтқан. Оның айтуынша, жалақысы – 450 мың теңге. – Жалақым – 450 мың теңге, несием бар. Пандемия қаржы жағынан отбасыма қатты әсер етпеді, – деді ол. [caption id="attachment_133301" align="alignnone" width="900"]әкім ©24.kz[/caption] БҚО әкімдігінің сайтында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің жалақысы – 903 255 теңге, оның бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің жалақысы – 570 728 теңге деп көрсетілген. Ал Сәулет және қала құрылысы мәселелерін бақылайтын екінші орынбасар Тимуржан Шакимовтің жалақысы – 644 879 теңге, цифрландыруға жауапты Аманжол Алпысбаевтың жалақысы – 630 367 теңге. [caption id="attachment_133304" align="alignnone" width="800"]әкім ©gov.kz[/caption] БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Амандықовтың айтуынша, Lada, Gazelle, GAZ, UAZ, Toyota, KIA, Volkswagen, Renault  секілді 18 автокөлік әкімдіктің басқармасына тиесілі екен. «Былтыр көлік сатып алмағандықтан 2021 жылы мемлекет бюджетінен 13,1 млн теңгеге екеуі сатып алынбақ» дейді ол. [caption id="attachment_133306" align="alignnone" width="800"]әкім ©tengrinews[/caption] Ал Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовтың 2020 жылы айлық жалақысы  780 116 теңге болған. Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың жалақысы былтыр 441 074 теңге болыпты. [caption id="attachment_133307" align="alignnone" width="1024"]әкім ©inbusiness.kz[/caption] Сонымен қала әкімі аппаратының басшысы Атлас Төлегенованың жалақысы – 503 416 теңге  болса, қала әкімінің орынбасары Серік Ғұсман – айына 505 914 теңге алыпты. [caption id="attachment_133308" align="alignnone" width="1024"]әкім ©Liter.kz[/caption] Қала әкімі Алтай Көлгіновтің бүкіл салығы ұсталып, қолына тиетін жалақысы 762 мың теңге екен. Бұл – былтырғы көрсеткіш. Оның қасында Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаевтың айлығы әлдеқайда жоғары екен. Ол айына 950 мың теңге алып отырған. [caption id="attachment_133310" align="alignnone" width="1024"]әкім ©stan.kz[/caption] Әрине, тіпті мұндай айлықпен миллионға киіну мүмкін емес. Алайда әкімнің қаладағы жол құрылысын тексеруге киіп шыққан күртешесі дау туғызған. Себебі италиялық Brunello Cucinelli брендіне тиесілі спорттық костюмнің бағасы 2 745 721 теңге екен. Жеңілдікпен алғанның өзінде 1 098 288 теңгеге бағаланған. Сіздіңше, мұндай жалақымен бренд киім кию мүмкін бе?