Жалпы, елімізде әкімдердің жалақысы жоғары екені белгілі. Көбісі нақты қанша алатынын айтпаса да, өмір сүруіне жетеді деп қояды. Халықтың қамын ойлап, күні-түні еңбек етіп жүрген әкімдердің ресми жалақысы қанша екенін білесіз бе?
[caption id="attachment_133297" align="alignnone" width="1024"]
©inbusiness.kz[/caption]
Мәселен, кеше ғана Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіпкерлермен кездесу барысында өзінің қанша жалақы алатынын айтқан. Оның айтуынша, жалақысы – 450 мың теңге.
– Жалақым – 450 мың теңге, несием бар. Пандемия қаржы жағынан отбасыма қатты әсер етпеді, – деді ол.
[caption id="attachment_133301" align="alignnone" width="900"]
©24.kz[/caption]
БҚО әкімдігінің сайтында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің жалақысы – 903 255 теңге, оның бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің жалақысы – 570 728 теңге деп көрсетілген. Ал Сәулет және қала құрылысы мәселелерін бақылайтын екінші орынбасар Тимуржан Шакимовтің жалақысы – 644 879 теңге, цифрландыруға жауапты Аманжол Алпысбаевтың жалақысы – 630 367 теңге.
[caption id="attachment_133304" align="alignnone" width="800"]
©gov.kz[/caption]
БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Амандықовтың айтуынша, Lada, Gazelle, GAZ, UAZ, Toyota, KIA, Volkswagen, Renault секілді 18 автокөлік әкімдіктің басқармасына тиесілі екен. «
Былтыр көлік сатып алмағандықтан 2021 жылы мемлекет бюджетінен 13,1 млн теңгеге екеуі сатып алынбақ» дейді ол.
[caption id="attachment_133306" align="alignnone" width="800"]
©tengrinews[/caption]
Ал
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовтың 2020 жылы айлық жалақысы 780 116 теңге болған. Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың жалақысы былтыр 441 074 теңге болыпты.
[caption id="attachment_133307" align="alignnone" width="1024"]
©inbusiness.kz[/caption]
Сонымен қала әкімі аппаратының басшысы Атлас Төлегенованың жалақысы – 503 416 теңге болса, қала әкімінің орынбасары Серік Ғұсман – айына 505 914 теңге алыпты.
[caption id="attachment_133308" align="alignnone" width="1024"]
©Liter.kz[/caption]
Қала әкімі Алтай Көлгіновтің бүкіл салығы ұсталып, қолына тиетін жалақысы 762 мың теңге екен. Бұл – былтырғы көрсеткіш. Оның қасында Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаевтың айлығы әлдеқайда жоғары екен. Ол айына 950 мың теңге алып отырған.
[caption id="attachment_133310" align="alignnone" width="1024"]
©stan.kz[/caption]
Әрине, тіпті мұндай айлықпен миллионға киіну мүмкін емес. Алайда әкімнің қаладағы жол құрылысын тексеруге киіп шыққан күртешесі дау туғызған. Себебі италиялық Brunello Cucinelli брендіне тиесілі спорттық костюмнің бағасы 2 745 721 теңге екен. Жеңілдікпен алғанның өзінде 1 098 288 теңгеге бағаланған. Сіздіңше, мұндай жалақымен бренд киім кию мүмкін бе?