Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті
Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

Әнші коронавирусқа шалдығып, ауруханада емделіп жатқан болатын. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Тағы да қаралы хабар. Ардақты ағамыз, композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды Нұрғиса Дәуешов.

Бұған дейін әншінің коронавирусқа шалдыққаны туралы жазған болатынбыз.