«Қайрат» клубының қақпашысы әлемнің үздік қақпашысы атанды
«Қайрат» клубының қақпашысы әлемнің үздік қақпашысы атанды
FutsalРlanet Awards жүлдесі «Қайрат» АФК капитаны Игитаға 2020 жылы әлемнің үздік қақпашысы жүлдесін табыстады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл Қазақстан құрамасы ойыншысының бесінші жүлдесі, қатарынан үшінші рет әлемнің үздік қақпашысы атанып отыр. Бұл футзалдағы абсолют рекорд саналады. Жеке жүлделерінен бөлек, Игитаның командалық жеңістері де көп. Қазіргі уақытта қақпашы Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, 8 дүркін кубок, 4 дүркін Суперкубок иегері атанды. Екі рет УЕФА кубогын иеленген, Еременко кубогында екі мәрте топ жарып, Әлем Суперкубогында жеңіске жеткен, ұлттық құрамамен бірге Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.