Өкпе қатерлі ісігі туралы не білеміз?
Өкпе қатерлі ісігі туралы не білеміз?
221
оқылды

Өкпе қатерлі ісігі – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісік. Қатерлі ісік ауруын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, жыл сайын 2 миллионнан астам ер мен әйел өкпе қатерлі ісігімен ауырады, олардың үштен екісі – ер адамдар (1 368 524) болса, үштен бірі – әйелдер (725 352). Жыл сайын бұл аурудан 1,8 миллионға жуық адам көз жұмады.

Өкпе қатерлі ісігінің негізгі се­бебі – темекі. Қазақстанда онко­логиялық аурулардан болатын өлім-жітім құрылымында өкпе қатерлі ісігі де бірінші орында тұр. Мәселен, 6-7 қазақстандық күн сайын өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады. Өкпе қатерлі ісігімен сырқат­тануға ең алдымен ер адамдар бейім болып келеді. Бұл ауруға жиі іліге­тіндердің көбі  Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақ­мола және Қарағанды облыс­тарында екен. Қазақстанның кейбір өңірінде өкпе қатерлі ісігін ерте диагнос­тикалау үшін пилоттық жоба  –  өк­пені төмен мөлшерлі спиральді ком­пьютерлік томографияның (ТМСКТ) көмегімен сканерлеу іске қосылды. Пилоттық жоба Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында басталды.  Мұндай  жоба Алматы қаласында да жоспар­ланған. Ол осы айдан, яғни мамырдан басталады. Сондықтан егер от­басында темекі шегетін адам болса, төмен мөлшерлі спиральді КТ-да үнемі тек­серіп отыру керек. Ең дұрыс шешім – те­мекіден бас тарту.

Ж. НҰРЛАН