Әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев өмірден озды. Композитор 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Математика пәнінің мұғалімі болған әкесі Құбаш Ибрашев 1918-1942 жылдары өмір сүрген. 24 жасында өмірден өткен. Анасы Ханаш Өтегенова 1924-1985 жылдары ғұмыр кешті. Әкеден ерте жетім қалған Ескендір нағашы атасы Өтеген мен әжесі Бахия Хасанғалиевтардың қамқорлығында болады. Ауыл баласы алғаш рет нотамен Орал қаласында алты ай баян аспабында ойнайтын музыканттар курсында танысқан. Ал фортепианоны алғаш рет 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның дайындық бөліміне түскен кезде көрген. Ол кезде әнші 19 жаста еді. Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар институтында хор дирижері, Қазақ радиосы және телеарна оркестрінің солисі қызметін атқарды.1978 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын сырттай оқып бітірген. Алғашқы «Анаға сәлем» әнін 1961 жылы шығарды. Ән бірден халық арасында кең таралып, композитор ретінде осы әнмен танымал болды. Кейіннен «Асыл арман», «Әдемі-ау», «Сағындым сені», «Бозторғайым» сияқты танымал әндер жазылды. Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған патриоттық «Атамекен» әні 1970 жылы Қазақ КСР-нің 50 жылдық мерейтойына арналып жазылса да, барша қазақ баласы сүйіп орындайтын халық әніне айналды. 50 жылдан астам уақытта 200-ге жуық ән, романс, хорға арналған шығармалар, фильм мен музыкалық қойылымдарға әуен жазды. Ескендір Хасанғалиев – бүкіл ғұмырын музыка саласына арнап, отандық өнердің өрісін кеңейтуге үлкен үлес қосқан дарын иесі. Ол әуезді әндерімен халқының ыстық ықыласына бөленіп, ерекше құрметіне ие болды. Әр қазақ жатқа білетін «Атамекен» әні елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтататын қайталанбас туынды болып қала береді. 2007 жылы «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты, 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалін, 2015 жылы «Қазақстан конституциясына 20 жыл» медалін, 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» медалін иеленді, 2015 жылы Ақорда салтанат сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан ең жоғарғы мемлекеттік марапат – «Отан орденімен» марапатталды. Алматы қаласының және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Орал педагогика институтының құрметті профессоры, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Алматы облысы Үштөбе ауданы мен Кербұлақ ауданының құрметті азаматы атақтарын алған. Хaсaнғaлиевтiң «Әдемi», «Aсыл aрмaн», «Өмiрiмнiң жaзы», «Aтaмекен» әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Е. Хaсaнғaлиев шығaрмaшылығынa тaқырыптың әмбебaптылығы, мaтериaлды берудiң көпсaлaлығы тән. қaзiргi қaзaқ композитор- лaрының ән-ромaнстaрын нaқышынa келтiре шебер орындaйды. Xaсaнғaлиев – тaнымaл композитор. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Оның гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), тағы басқа елдерде болды. Композитор елінің сүйікті ұланына айналса, елін сүйген арда ұл өз сезімін әндері арқылы барша қазақ жұртына паш етті. Қазақ даласын әнмен тербеген аяулы жанның артында өлмейтін, өшпейтін мол мұрасы қалды. Марқұмның жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын!
Aiqyn газетінің ұжымы