Юбэнк Головкинді нокаутқа жібереді — танымал боксшы
Юбэнк Головкинді нокаутқа жібереді — танымал боксшы
158
оқылды
Ауыр салмақта жұдырықтасатын танымал британ боксшысы Дэвид Хэй Генадий Головкин (41-1-1, 36) мен кіші Крис Юбэнк (29-2, 22) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
«Өзіне тән стилінің арқасында Юбэнк Головкинді нокаутқа жібере алады деп ойлаймын. Иә, GGG иегі граниттей мықты деуге болады, бірақ Крис қолымен ауыр соққылар жасай алады», — деді Хэй.
Головкин мен Юбэнк жекпе-жегі 2016 жылы өтуі мүмкін еді. Алайда ол кезде кейінгісіне бола келіссөздер тығырыққа тірелді. Енді Крис Генадиймен шаршы алаңда кездескісі келетінін айтады. Қазіргі сәтте Юбэнк WBA нұсқасы бойынша, орта салмақтағы «уақытша» чемпион. Ал Головкинге IBF және IBO белбеулері тиесілі. Еске салсақ, «Канело» допинг дауынан кейін Головкинге ашуланғанын айтқан болатын. Мұның бәрі 2018 жылдың ақпанында, «Канело» тыйым салынған кленбутерол препаратына екі рет допинг-сынама тапсырып, оң нәтиже көрсеткен кезде басталған. Нәтижесінде мексикалық бокстан алты айға шеттетілген. Бұл олардың мамырдағы жекпе-жегін төрт айға кешіктірді.